«Технополис-Электротранс»
жобасы

«Технополис-Электротранс» жобасы

Бұл жылжымалы автомобиль және теміржол электр көлігі үшін автоматика, электр жабдықтары мен электр энергиясын түрлендіргіштерді құрастыру және өндіру бойынша ең жаңа жоба. «Технополис-Электротранс» бұл конструкторлық-технологиялық бюро және Қазақстан Республикасы өндірістік кәсіпорындарының консорциумы («Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағында (Астана қаласы) және «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде (Алматы қаласы) өндірістік кәсіпорындары бар «KazTechInnovations» инновациялық зауыты (www.kti.kz), «Novatec» ЖШС (www.novatec.kz) және «KazAeroSpace» ЖШС (www.kazaerospace.kz) арасында) құрылған жылжымалы автомобиль және темір жол электр көлігі үшін автоматика, электр жабдықтары мен электр энергиясын түрлендіргіштердің тәжірибелік құрастыру өндірісі. «Технополис-Электротранс» «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компанияларымен және серіктестерімен жобаларды жүзеге асырады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - Қазақстанның магистральды темір жол желісінің ірі операторы.


«Технополис-Электротранс» жобасы

Біздің мақсатымыз: автоматтандыру, қосалқы электржүйелерді дамыту, электркөліктердің қозғалыс жылдамдығын, сенімділігін, жабдықтар үнемділігін арттыру, геолокация және диспетчерлендіруді басқару.

Біздің мамандық

Біздің жетілдіретін құрылғылардың ішінде:

Электр желісі және аккумуляторлық батареялар параметрлерін талдағыштар, электр көлігі кіші жүйелерінің контроллерлері, электр қозғалтқыштарының айналу жиілігін түрлендіргіштер және бірқалыпты іске қосу құрылғылары, коммутациялық-тарату модульдері, навигация, байланыс, деректерді өңдеу және электр көлігін басқару құрылғылары, электр қоректендіру тізбектерін және жүктеменің барлық түрлерін қорғау жүйелері.

Біздің «жолаушылар вагондары салонының ауасын кондиционерлеуге арналған жабдықтарды басқару жүйесі» атты жаңа жобамыз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп сәтті жүзеге асырылуда.

«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы

Серіктестеріміз және тапсырыс берушілеріміз:

Құрылған консорциум мынадай қазақстандық және шетелдік компаниялармен тығыз ынтымақтастық жасайды: «KazTechInnovations» инновациялық зауыты (www.kti.kz), «Novatec» ЖШС (www.novatec.kz), «KazAeroSpace» ЖШС (www.kazaerospace.kz) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ (Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты - Шығысмашзауыт), «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы» мемлекеттік кәсіпорны, «Спектр – М» ОсО, «Демихов машина жасау зауыты» АҚ, «Коломна зауыты» АҚ, Ликинский автобус зауыты (ЛИАЗ), Новочеркасск электровоз жасау зауыты «НЭВЗ» (Новочеркасск қаласы), «Улан-Батор темір жолы» АҚ (Моңғолия) және т.б.

«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы
«Технополис-Электротранс» жобасы

Орналасу орнымыз:

Жобалық тобының әкімшілік-технологиялық және өндірістік құаты "Астана-Технополис" кәсіпорынның Арнайы экономикалық аймағында орналасқан

Астана-Технополис
Инновационный кластер Назарбаев Университета Astana Business Campus

Мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы, 53, 13 ғимарат (Технопарк), 14 офис

Назарбаев Университетінің Astana Business Campus инновациялық кластері

  • Моб. телефон: +7 702 488 0025
  • Офис: +7 727 312 2639
  • Сагинбек Алданазар

Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап беріп, ұсыныстарыңызды мұқият тыңдаймыз